Қаладағы 4 су қоймасының жағдайы қанағаттанарлық күйде.
Шымкент қаласының аумағында тасқын жағдайы бір қалыпты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен бапасөз брифингінде мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, қаладағы 4 су қойманың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға алдынғы жылдары меншік иелерімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ҚР ІІМ аумақтық бөліністерінің күш және құралдары дайындыққа келтірілген.
"Департамент су қоймаларындағы және өзендегі жағдайларды, қауіпті учаскелерін комиссиялық зерттеуден өткізді. Сайрам, Бадам су өзендерінің қауіпті учаскелері бетондалды. Қаладағы бюджеттен өзендер мен арналарды ұстау үшін 486 млн. қаржы карастырылған. Ұзындығы 59 км болатын 29 көшеге ирригациялық лотоктар салу жоспарлануда. 2019 жылы жаңбырдың кезінде қалада әлеуметтік желілерде резонанстық жағдайлар туындап жатады. Ол Назарбаев даңғылы және Рысқұлов көшелесі, Темірлан тас жолы, өзге де көшелерінде су жиналғанын көрсетіп жатады. Бірақ, бұл мәселе жөнінде Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасымен жұмыстар жасалды. " - деді Шымкент қаласының ТЖД бастығы Н.Дербісов.