Шымкентте су тасқыны қаупінің алдын алатын құрылғылар орнатылды

0
2 608

Су қоймаларына LoRaWAN радимодем датчигі орнатылады.


Шымкентте су тасқыны қаупінің алдын алатын құрылғылар орнатылды

Үшінші мегаполисте су тасқынының алдын алатын бірегей жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республика бойынша алғаш рет Шымкентте қолға алынған тың бастаманы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жүзеге асыруда.Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен шаһар аумағындағы су қоймаларына LoRaWAN радимодем датчигі орнатылды. Құрылғы арнайы сәуле таратқышпен бірге қоймаға мониторинг жасап, ультрадыбыстық толқындардың көмегімен су деңгейінің өзгерісін қалт жібермей бақылап отырады.

Арнайы құрылғы су тасқыны қаупінің алдын алуға, күнделікті су деңгейін анықтауға және болжам жасауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғыларды орнату жұмысы «Цифрландыруды және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған» жол картасы негізінде жүзеге асырылды. Бүгінде датчиктер Бадам, Тоғыс су қоймаларында және Бадам өзеніне орнатылған, – деді төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев.