10 қаңтардағы мониторингке сәйкес Шымкент қаласы аумағында жанар-жағар май өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.
Шымкент қаласы аумағында 300-ге жуық жанар-жағармай бекеттері орналасқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ірі жанар-жағармай бекеттері желілеріне күнелікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Жанар-жағар май бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 177 теңге, АИ-95 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 210 теңге, АИ-96 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 205 теңге, АИ-98 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 227 теңге және дизель отынының орташа бағасы 227 теңгені, сұйытылған газ бағасы 60 теңгені құрап отыр. Ал, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап АИ-80 маркалы бензин өндірісі тоқтатылғандықтан, АИ-80 маркалы бензин түрі сатылымда жоқ.
10 қаңтардағы мониторингке сәйкес Шымкент қаласы аумағында жанар-жағар май өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.
Баға өсімін байқайтын болсаңыздар 8/7252/ 53-50-66 нөміріне хабар беріңіздер.