Шымкентте сусындар мен шырын зауыты ашылды

0
2 667

Өндіріс орын өнімнің 14 түрі бойынша 35 млн дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.


Шымкентте сусындар мен шырын зауыты ашылды

Шымкент қаласында энергетикалық сусындар мен шырындар шығаратын жаңа өндіріс ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан зауыттың өзіндік құны – 1 млрд теңге. «Болашақ-7» ЖШС өнімнің 14 түрі бойынша 35 млн дана сусын мен шырын шығаруды жоспарлап отыр.

Жаңа нысанның ашылуына қатысқан қала әкімі Ғ.Әбдірахымов серіктестіктің жұмысымен танысып, жұмысшылармен тілдесті. Алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапқан кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған. Шикізатқа өңіріміздің өнімдері қолданылады. Айта кетейік, жаңа кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылып отыр.

Зауыт өнімдері Шымкент қаласымен қатар Қазақстанның басқа өңірлеріне, сондай-ақ, көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдеріне экспортталады.