Шымкентте тіркелген қылмыстар саны екі жылда 23%-ға төмендеген

0
1 114

Жол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 100 көше қиылысы және 200 желілік учаскелерінде 1677 Сергек ақпараттық комплекс жүйесі камераларымен қамтылды.


Шымкентте тіркелген қылмыстар саны екі жылда 23%-ға төмендеген

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік деңгейі жақсарып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте тіркелген қылмыстар саны екі жылда 23%-ға төмендеген. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Құқықбұзушылықтың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жақсарғаны айтылады.
Қала аумағында қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қаладағы Полиция департаментіне жергілікті бюджеттен материалдық-техникалық базасы жүйелі түрде нығайтылуда.

Жол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 100 көше қиылысы және 200 желілік учаскелерінде 1677 Сергек ақпараттық комплекс жүйесі камераларымен қамтылды. Ал, қоғамдық қауіпсіздік аясында 1500 бейнебақылау камера орнатылып қаланы шолу 3 есеге көбейді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының 29 жанданған көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Әр көше қиылысында күн сайын таңертеңгі, түскі және кешкі уақытта, яғни жолдарда көлік ағымы көп болған кезде, Патрульдік полиция полкінің екі қызметкері кезекшілік етеді. Осылайша полицейлер көлік кептелістерінің уақтылы алдын алуда, сонымен қатар қала жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны біршама азайды.