Тұмауға қарсы вакцинаға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 130000 доза «ГРИППОЛ+» вакцинасы алынды.
Шымкент қаласы әкімдігі жанынан құрылған коммуникациялық орталықта ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметімен онлайн режимде «Шымкент қаласында коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары туралы» тақырыпта баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Конференцияға Шымкет қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенбаева Сауле Сансызбайқызы және Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ахметов Алдаркұл Райымқұлұлы қатысты.
Брифинг барысында А.Ахметов коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай және Шымкент қаласының аумағында жүргізілетін эпидемияға қарсы іс-шаралар туралы баяндады.
Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясы эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қалуда 2021 жылдың 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында COVID-19 инфекциясымен 34416 жағдай тіркелді, оның ішінде симптоммен - 26502, симптомсыз - 7914. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 6627 жағдай.
Шымкент қаласында ковидке қарсы вакцинациялау бойынша 2021 жылдың 1 ақпаннан 30 қыркүйек аралығында КВИ-ге қарсы жоспарланған 536000 ересек тұрғындардың қолданыстағы вакциналардың бірінші компонентімен 526689 қамтылды, ол 98,3% құрап отыр.
Сонымен қатар тұмауға қарсы вакцинаға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 130000 доза «ГРИППОЛ+» вакцинасы алынды. Қыркүйек айының 15-нен бастап жоспарланған 130000 адамға егу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға қауіпті топқа жататындардың ішінен 36476 адам егіліп, жоспарланғандардың 28,0 пайызы қамтылды.