Вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға арналған
Шымкент қаласының емханаларында тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тұмауға қарсы вакцина ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға және асқынулардың алдын алуға арналған.
Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар иммундауға жатады. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек.
Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта қажет. Осы уақыт ішінде тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеген жөн.