Шымкентте үйді рәсімдеп берем деген алаяқ 7 млн теңгені иемденіп кеткен

0
676

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте үйді рәсімдеп берем деген алаяқ 7 млн теңгені иемденіп кеткен

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында үйді рәсімдеп берем деген алаяқ 7 млн теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

18 мамыр күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полициясына қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға жер телімінде орналасқан үйді өзінің атына рәсімдеп беремін деп, сеніміне кіріп 7.000.000 теңге ақшасын иемденіп, осы күнге дейін аталған үйді оның жекелей атына рәсімдеп бермей жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.