Шымкентте «Ұлы дала таңы» тарихи-көркем фильмінің тұсаукесері өтті

0
1 027

Қала тұрғындары жаңа фильмді тамашалап, өнер туындысын жоғары бағалады.


Шымкентте «Ұлы дала таңы» тарихи-көркем фильмінің тұсаукесері өтті

Шымкент қаласында белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жаңа туындыны көпшілікпен бірге тамашалады.

Тұсаукесер жиынына қоюшы режиссер А.Сатаев, актерлер Б.Айтжанов, А.Әбдіқадыров, Е.Жолжақсынов арнайы қатысып, жаңа туындының ерекшелігін, құндылығын атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілген кинотуынды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Фильм желісі Қасым ханның өмірі, билік құрған кезі мен Қазақ хандығының гүлденіп, нығаюы жолындағы күресті баяндайды. Қазақ хандығы тарихында Қасым ханның алар рөлі ерекше.
Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Тұңғышбай Жаманқұлов, тағы басқа актерлер сомдайды.
Қала тұрғындары жаңа фильмді тамашалап, өнер туындысын жоғары бағалады.