Жарысқа Қазақстан Республикасының 17 аймағынан спортшылар қатысуда.
Қазақстан Республикасында әр 4 жыл сайын өтетін жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен V Жастар спорттық ойындары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Спорттық ойындар спорттың 36 түрінен өтеді. Оның ішінде спорттың 6 түрінен – садақ ату, оқ және стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика Шымкент қаласында өтуде.
Қазақстан Республикасының 5-ші Жастар спорттық ойындарының мақсаты:
- салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау;
- Қазақстан Республикасы халқының күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты кеңінен енгізу, меншік нысанына қарамастан оқу орындарының, мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын жақсарту;
- республика өңірлерінде спортшыларды даярлау бойынша спорттық ұйымдар жұмысының қорытындыларын шығару;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командаларын жасақтау және халықаралық жарыстарға қатысуға дайындау үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша мықты спортшыларды анықтау.
Жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізіледі, барлық қатысушылар, спортшылар мен жаттықтырушылар COVID-19-ға ПТР теріс сыналған анықтамаларды ұсынады.