Жылына 4 рет, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында жүргізіледі.
Шымкентте кенелерге қарсы залалсыздандыру шаралары бүгінде қаладағы 5 аудан аумағында жалғасуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 4 рет, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек айларында жүргізіледі.
Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өзгеруі де мүмкін. Кәсіпкерлер мен жеке үйлердің иелері залалсыздандыруды өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.
Бұл бағыттағы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілінде атқарылады. Жоспарға сәйкес, масаға қарсы залалсыздандыру шаралары қала аумағындағы 45 гүлзар, 12 саябақ, 35 өзенде және 2 су қоймасында жасалады.