Аталған семинардың мақсаты - жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз бойында сенімділікті қалыптастыру және түрлі психологиялық құбылыстардың алдын-алу.
Бүгін Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының психологтарының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында «Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған семинардың мақсаты - жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз бойында сенімділікті қалыптастыру және түрлі психологиялық құбылыстардың алдын-алу.
Проблема ретінде жастар арасында кезігетін тұлғалық ерекшеліктер, қарым-қатынас жасау дағдыларының жеткіліксіз болуы, тұйықтық секілді түрлі жағдаяттардың шешімі қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар-тренинг соңында жастарға тақырып аясында арт-терапиялық ойындар ойнатылып, кері байланыс орнатылды.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы Орталық саябақта арт-кеңістік ашылды. Аталған нысан сурет салу өнерінен сыр шертіп, қала тұрғындары арасында шағырмашылық кластерінің дамуына ықпал етеді. Арнайы кеңістіктің жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов мұндай орындар қалаға аса қажет екенін айтты.
–
Суретшілер өз туындысын осы арт-кеңістігі арқылы қала тұрғындарына ұсына алады. Бұл қоғамдық орындарды жаңғырту мен қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастырудың бір түрі. Бүгінгі галерея тек бастамасы ғана. Біз алдағы уақытта үлкен орталық ашу үшін жоба жасап жатырмыз. Онда суретшілер мен қолөнер шеберлері бір орталыққа ұйысып, ұлттық өнеріміздің жаңғыруына, өскелең ұрпаққа ұлттық өнерімізді дәріптеуге қызмет ететін орынға айналады, - деді қала әкімі.
Шабыт пен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын арт-кеңістікте суретшілердің жаңа туындылары қойылған. Қылқалам шеберлері арнайы кеңістіктің ашылуы Қазақстан Суретшілер Одағының 90 жылдығына тұспа-тұс келгеніне қуанышты.
– Бүгін қала әкімдігі саябақ жанынан арт-кеңістігін жасақтап, шымкенттік суретшілерге сыйға тартып отыр. Мұндай мерейлі сәт Қазақстан Суретшілер одағының 90 жылдық мерейтойымен қатар келгеніне өте қуаныштымыз. Жалпы, қаламызда 5 жыл алдын 20 суретші болса, бүгінде олардың саны 30-ға жетіпті. Қылқалам шеберлері осы орынға келіп, халыққа өз туындыларын таныстыруға және сатуына болады. Бүгін таңнан бері саябаққа келушілер суреттерді тамашалап, суретшілерге қызықтырған сұрағын қойып, жылы сұхбат құруда. Тұрғындардың өнерімізге деген қызығушылығы қатты таңқалдырды. Арт-кеңістік суретшілерді халыққа бір табан жақындатты, - деді Қазақстан Суретшілер одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов.
Арт-кеңістікте жас суретшілерге шеберлік сабақтары да ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, бұл орын қаламыздағы жаңа таланттарды ашып, әрбір суретшінің өзін таныта алатын тамаша орынға айналады. Көрме барлығына ашық!