Шымкентте жігітімен ұрсып қалған бойжеткен көпірден секірмек болды

0
507

Бойжеткенмен профилактикалық сұхбат жүргізілді.


Шымкентте жігітімен ұрсып қалған бойжеткен көпірден секірмек болды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицейлер өмірімен қош айтыспақ болған қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ

102 телефонына хабарласқан жергілікті тұрғын Темірлан тасжолының бойындағы көпірден бойжеткен қыздың секірейін деп тұрғанын жеткізген,Кезекші бөлімнің инспекторы осы уақытта аталған аумақты патрульдеп жүрген полиция қызметкерлерін хабардар етті.

Жедел әрекет етіп, оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің 10-рота қызмет инспекторлары Марат Исаханов пен Абылайхан Абенов көпірдің жақтауында тұрған қызды көреді. Полиция қызметкерлері қыздың назарын аудару мақсатында, онымен диалог құра бастайды. Осы сәтте полицейлер қызды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
Ары қарай тәртіп сақшылары жедел жәрдем көмегін шақырды.
Бойжеткенмен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Тексеру барысында оның бұл қадамға баруына жігітімен жанжалдасуы себеп болғаны анықталды.