Полиция департаментінің инстаграм парақшасына желі қоланушысы жол ережесін бұзған азаматтың видеосын жіберген.
Шымкентте жол ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Инстаграм парақшасына желі қоланушысы жол ережесін бұзу жайтының видео жазбасын жолдап, заң аясында шара қолдануды сұранған.
A. Байтұрсынов және Мәделі Қожа көшелерінің қиылысында орын алған жағдайға байланысты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылды.