Шымкентте жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр

0
683

Биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылады.


Шымкентте жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала ішілік жолдардардың жол таңба сызықтарын жаңарту жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде аталған жұмыс кезеңінде 100 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған.

Сондай-ақ, қаладағы маңызды көшелердің бірі саналатын - Тәуке хан даңғылы бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргінші өткел жолдар таңбалары жаңартылды. Аталған жұмыс көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында түнгі уақытта жүргізілуде. Сонымен қоса, Темірлан тас жолының жол сызықтары да толығымен жаңартылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қаладағы 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылған.

Айта кетейік, биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала ішіндегі тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Тапсырма аясында жөндеуден өтіп жатқан магистральды көшелердің бірі - Ғ.Иляев көшесі. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда.

Қазіргі кезеңде Ғ.Иляев пен Қонаев даңғылының қиылысы мен Байтұрсынов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда Ақпан батыр мен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қоса, Әл-Фараби ауданы Сәуле шағын ауданы маңындағы 195, 275, 276 орамдарындағы 16,4 шақырым көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.