Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя екі жақты меморандумға қол қойды.
Шымкент қаласында жүрек ақауына шалдыққан науқастарға жаңа тәсіл арқылы күрделі ота жасалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Меморандум шеңберінде жүрек қақпақшасын сақтап қалу үшін жаңа тәсілмен алғашқы ота бүгін қалалық кардиологиялық орталықта жасалып, жергілікті дәрігерлерге танымал кардиохирург Юрий Пя шеберлік сабағын өткізеді.
Сонымен қатар, екі жақты келісімнің негізінде Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласын жақсарту және жергілікті дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық ғылыми орталық мамандары тәжірибемен бөлісіп отырады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жүрек қақпақшасына ота жасау бойынша жылына шамамен 3 мың науқас тіркеледі. Бұған дейін науқастар мұндай отаны Елорда мен Алматы қаласында жасатып келген.