Салдарынан 4 адам қаза тауып, екі адам ауруханаға түсті.
Шымкент қаласында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында “Метро“ сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында болған.
“Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр. Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД-нің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады”, - делінген жазбада.
Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды.
Жүргізуші УҰИ-на қамалды.