Өткен жылы жалпы 7880 азамат отбасын құрған.
Шымкент қаласында жыл басынан бері 2946 мың жұп отбасын құрған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында 2020 жылы 6776, өткен жылы жалпы 7880 азамат отбасын құрса, жыл басынан бері 2946 мың жұп отбасын құрған.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында азаматтық құқықтық актілерін тіркеу бойынша 2021 жылдың 9 айына жалпы 21 550 хаттар қаралып, 50 850 азаматтық хал актілері тіркелген. Ал, басқармада азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 2022 жылдың маусым айына жалпы 13 963 хаттар қаралып, 24 934 азаматтық хал актілері тіркелді.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімі 8 түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Қызметтерді үйден шықпай-ақ, онлайн түрде алуға жағдай жасалған. Цифрлық жүйе арқылы некеге тұруға өтініш берген жұп АХАТ бөліміне бір айдан кейін құжаттарын алуға ғана келеді.
- Бала тууды мемлекеттік тіркеу бойынша – 13 056 акт (2021 жылы – 14 644);
- Неке қию (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу бойынша – 2 946 акт (2021 жылы – 3416);
- Неке бұзу (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу бойынша – 281 акт (2021 жылы – 319).
Айта кетейік, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы негізінен 5 бағытта жұмыс жасайды:
- Халықты жұмыспен қамту;
- Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету;
- Азаматтық құқықтық актілерін тіркеу;
- Көші-қон мәселесі және оралмандармен жұмыс жасау.
Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет атқарады.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласында көп балалы аналар саны – 55 814 , оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224 .