Тұрғындарға сервистік қызмет көрсету мекемелеріне келісім шартқа тұрғызу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шымкент қаласы Абай ауданында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жалпы аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйдің 416 үйі орталық жылу жүйесіне қосылған. Үйлерге жылуды өз деңгейінде жеткізу мақсатында 6 насостық станциясы мен 1 қазандық (көмір) жұмыс атқаратын болады.
Бүгінгі таңда аталған үйлердің ішкі жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, 395 үй жылыту маусымына дайын. Бұл 94,7 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, тұрғындарға сервистік қызмет көрсету мекемелеріне келісім шартқа тұрғызу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.