Шымкенттегі 17 жастағы жігіттің өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды

0
701

"Бесеуі қамауға алынды, екеуі қолхатпен жіберілді, біреуіне іздеу жарияланды"


Шымкенттегі 17 жастағы жігіттің өлімі: күдіктіге іздеу жарияланды

Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері төбелестен қайтыс болған 17 жастағы жігіттің ісіне қатысты мәлімет берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктілердің біріне іздеу жарияланды.

Кәмелетке толмаған 10 бала мен 17 жастағы студент арасындағы төбелес туралы кезекші бөлімге 23 мамырда сағат 03.28-де хабар келген.

"Қалалық балалар ауруханасына кәмелетке толмаған үш бала түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Олардың бірі - Абзалбек Уткуров. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі 5,7,11-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында 22 мамырда шамамен сағат 23.30-да Қонаев көшесінде орналасқан "Мейір" дүкенінің маңында төбелес болғаны анықталды. Барлық күдікті оқиға орнынан жасырынған. Бірақ олар сол түні-ақ ұсталды. Бесеуі қамауға алынды, екеуі қолхатпен жіберілді, біреуіне іздеу жарияланды", - дейді полицейлер.

Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, 2 маусымда зардап шеккендердің бірі Абзалбек Уткуров алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты қылмыс іс қозғалған бап ауыстырылған.