Науқастың жағдайы туралы Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков айтып берді.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте атыс кезінде жарақат алған күзетшінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Науқастың жағдайы туралы Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков айтып берді.
"Сол қолдағы бірінші саусағының негізгі фалангасы деңгейінде ампутация жасалып, жараны бастапқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланды", - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков.
Дәрігердің сөзінше, ол тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Еске сала кетейік, 20 ақпан күні 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды. Нәтижесінде күзетшінің бірі жараланды.