Шымкенттегі блок-бекеттер қатаң бақылауда

0
910

Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр.


Шымкенттегі блок-бекеттер қатаң бақылауда

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген 27 824 (35 763 азамат), транзит 2 798 (4 596 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 38 996 автокөлік өткізілмей, қайтарылған.

Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 965 тұлғаға Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Оның ішінде 459 жайт бойынша соттың шешімімен 88 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 139 тұлғаға айыппұл салынды және 232 тұлғаға ескерту берілді.