Фестивальге қатысқан аспаздардың ең үлкені 61 жаста болса, ең кішісі небәрі 13 жаста.
Осы жылдың 27 қазанындаҚазақстан өзбектері этномәдениқоғамдық бірлестігі «Дустлик» қауымдастығының ұйымдастырумен Шымкент қаласындағы «Ал Акрам» тойханасында «Қазақстан палауы» фестивалі өткенін хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанда бұл фестиваль 8 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Әр жылы өткенгісінен қарағанда жаңаша, өзіндік ерекшелігімен өткізіледі. Бұл жылы да өзбек халқы«Қазақстан палауы» деп атының өзін өзгертіп, Қазақстанда Өзбекстан жылының аясында бұл фестиваль бұрынғысынан қарағанда кең көлемде аталып өтті. Оңтүстік өңірінің әр аймағынан келген кәсіби аспаздар мен өзінің сүйікті ісінің шеберлері бір уақытта барын салып 32 түрлі палау түрін әзірледі.
Оңтүстіктің өңірдің әр аймағынан келген 32 қатысушының палау әзірлегендегі өзіндік ерекшелігі мен әдіс-тәсілдері де әр қалай. Бәріне қажетті азық-түлік бір болғанымен, әр аспаздың дайындаған палауы бір-біріне ұқсамайтын ерекше болды.
«Палау фестиваліне» тек кәсіби аспаздар ғана емес сонымен бірге палау басуды жақсы көретін әр саланың мамандары да қатысты, соның бірі - химия пәнінің оқытушысы, Қазығұрт ауданының бас жүлде иегері мұғалім Зайр Каламанов:
«Мен кәсіби аспаз болмасам да, палауды басқалардан артық әзірлей аламын. Себебі маған бұл ұнайды, ал адам ұнаған нәрсесін барын салып дайындайды. «Палау фестиваліне» жылда қатысамын, бірақ орын алуды місе тұтпаймын. Бұл жерлерде мен талай аспаздармен танысып дос боламын, олардың дайындындаған палауынан бір нәрсе болсын үйренуге тырысамын», - дейді.
Фестивальдің ерекшелігі сол, бұл шараға қатысу үшін тек палау әзірлей алсаң болғаны. Яғни, мұнда сызып қойған талаптар мен жас ерекшеліктеріне шектеу жоқ. Фестивальге қатысқандардың ең үлкені 61 жаста болса, ең кішісі 13 жаста екен. Жасына қарамай өз бағын сынау үшін бұл шараға қатысып жатқан 13 жасар Бекжан Акрамов:
«Маған бұл фестивальге қатыс деп атам айтты. Атам да палауды өте жақсы дайындайды, мен сол кісіден үйрендім. Мен бүгінгі палауымның атын «Жастар палауы» деп атадым. Өйткені, менің палауым жастарға арналып істеліп жатыр. Мен болашақта кәсіби аспаз болғым келеді, соған қазірден бастап дайындалып жүрмін», - дейді.
Фестиваль барысында пісірілген 32 қазанпалау ішінен ең дәмдісін таңдау да оңайға соқпасы белгілі. Барлық жағынан үздік асты таңдауға 5 әділ-қазы белгіленген. Сол әділ-қазылардың бірі - «Дустлик» қауымдастығының ақсақалдар кеңесінің төреғасы Тұрдықулов Бегмат:
«Бұл шара басталғалы бері 8 жылдан бері төрағалық етіп қатысып келемін. Мен үшін ерекшелігі - әр жылы келгенде таңғаламын, себебі адамдардың талғамы жылдын-жылға өсіп келеді. Палауды дайындауы, оны әр түрлі тәсілмен безендіруі бір-бірінен асып түседі. Маған бүгін Түркістаннан келген аспаздың палауы қатты ұнады, оның дәмі де ерекше, бетін әрлеуінің өзі бір керемет болды», - дейді.
«Қазақстан палауы» фестивалі бұл жылы да өз деңгейінде Республика көлемінде аталып өтті. Шараға қатысқан аспаздардың барлығына сыйлықтар үлестіріп, қатысқаны үшін арнайы алғыс хаттар тарту етілді. Ішінде ең үздік болған палауды әзірлеген жас қатысушылардың бірі 15 жастағы Абдрахманов Бабамұрат бас жүлдені иеленді.
Назерке Бимахан,