Кеуде, іш қуысы органдарының қатерлі ісіктеріне жасалынатын кіші инвазивті операциялар саны жыл санап артуда.
Шымкент қалалық онкология орталығында заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен жоғары технологиялық оталар жасалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Айта кетейік, 2022 жылы онкологиялық орталықта заманауи бипланды Phillips AZURION-7 ангиографының орнатылуымен науқастрға жасалынатын эндоваскулярлы операциялар саны артуда. Қазіргі таңда бұл құрылғының көмегімен бауыр, бас мойын, жамбас қуысы ісіктеріне шалдыққан науқастарға түрлі деңгейдегі күрделі эндоваскулярлы оталар жүргізілуде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 356 науқасқа эндоваскулярлы операциялар жасалынды. Соңғы 4 жылда мұндай күрделі операциялар онкологиялық дертке шалдыққан 1800 науқасқа жасалды.
Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап сүт безінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастарға күрделі рекнструктивті-пластикалық операциялар жасалуда. Мұндай операциялардың көмегімен науқастың өмір сапасын жақсартып, психологиялық реабилитациядан өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Мұндай күрделі, инвазивті емес операциялардың тәжірибеге көптеп енгізілуі науқастарды ерте сауықтыруға және операциядан кейінгі асқыныстар санын азайтып, нәтижесінде жүргізілген емдеу әдістерінің тиімділігін арттырары сөзсіз.