Шымкенттегі су қоймаларында жағдай тұрақты

0
1 966

2021 жылғы 05 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймалары 70 пайызға толған.


Шымкенттегі су қоймаларында жағдай тұрақты

Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам, Тоғыс, Текесу, Ақжар су қоймаларында судың деңгейі тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Мамандардың айтуынша, су қоймаларына тәулігіне 1-ден 5,5 текше метр су келіп жатыр. Жауын-шашынның жиі түсуіне байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері күн сайын су қоймаларына мониторинг жүргізіп отыр. 2021 жылғы 05 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймалары 70 пайызға толған.

Бүгінде елді мекендерді, әлеуметтік маңызы бар және басқа да маңызды объектілерді су басу қаупі жоқ.