Шымкенттегі жоғары медицина колледжінде білім алушылар саны артқан

0
817

2022-2023 оқу жылында 592 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге қабылданған.


Шымкенттегі жоғары медицина колледжінде білім алушылар саны артқан

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты жоғары медицина колледжінде білім алушылар саны артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған оқу орны Қазақстандағы орта медициналық білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көне оқу орындардың бірі.

2022-2023 оқу жылында 592 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 424 білім алушыға артты. Оның 45 %-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларды құрайды.
Аталған білім ордасында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттердің жан басына мемлекет есебінен киім-кешекке жылына 199 700 теңге, бітіруші түлектерге 288 800 теңге, тамақтануға күніне 1 500 теңге қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 20 бала күнделікті ыстық тамақпен және ай сайынғы 30% үстемесі бар шәкіртақымен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, колледжде барлығы 2096 студент білім алады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 940 студент, келісім-шарт негізінде 1156 студент білім алады.