Шымкенттік 23 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болған

0
892

Қазақстан бойынша өткен іс-шарада 39 қылмыс анықталған.


Шымкенттік 23 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болған

Елімізде “STOP-трафик” кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, Шымкентте жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша өткен іс-шарада 39 қылмыс анықталған.

Онда ағза саудасының 1 фактісі, еңбекке тарту мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі, адам саудасының 7 фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 фактісі, притон ұстау және жеңгетайлықтың 24 фактісі тіркелген.