Шымкенттік 3 мыңға жуық ерікті қайырымдылық шараларына атсалысуда

0
1 442

333 отбасыға дәрі-дәрмек және 1 миллионнан астам бетперде мен антисептик таратылған.


Шымкенттік 3 мыңға жуық ерікті қайырымдылық шараларына атсалысуда

Шымкенттік 3 мыңға жуық ерікті қайырымдылық шараларына атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың қатысуымен 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша өткен брифингте мәлімдеді.
Брифингте басқарма басшысы, ең алдымен, еріктілер жылына байланысты қала жастарының азаматтық белсенділігін дамытуға жаңа серпін беретін іс-шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді.

Атап айтсақ – «Біргеміз» жалпы ұлттық жобасы, Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «Тәлімгер» жобасы, «Шымкент – қайырымды қала» жобасы, «Жасыл және таза қала» жобасы, «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы», «Ізгілікте жарысайық» жобасы және «Мейірім» жобалары.
Ж.Төлембекұлының сөзіне сүйенсек, бүгінде Шымкент қаласында 20-дан астам қоғамдық ұйымдар еріктілікпен белсенді айналысады. Ал еріктілер саны – 3000-ға жуық.
«Халықтың әртүрлі жас топтарын еріктілік қызметке тарту қажеттілігін ескере отырып, еріктілерді қолдау мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Шымкент волонтерлар қауымдастығы» құрылды. «Жария», «Мейірім», «Добряки Шымкента», «Волонтер Шымкент», «ASSA», «Ізгілікте жарысайық», «Благо дарю», «Lider.kz», «Жастар қуаты» 9 волонтерлық ұйым – қауымдастықтың құрылтайшылары. Ал еріктілермен жобаларды үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Волонтерлермен жұмыс жүргізу» бөлімі ашылды», – деді Ж.Қалтаев.
Бұл ретте басқарма басшысы еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жол картасында қарастырылған кейбір іс-шараларды ұйымдастырып өткізу мүмкіндігі болмай жатқанын атап өтті. Сол себепті волонтерлық жұмыстар төтенше жағдай кезеңіндегі шаралармен ұласқан.
Тоқталып өтсек, ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен қайырымдылық шаралары жүргізілген. Яғни, індеттің таралуын алдын алу мақсатында әлеуметтік 8 бейнероликтер және 20 түрлі электронды флаерлер дайындалып, әлеуметтік желілерге салынған. Ал қайырымдылық барысында 7 245 аз қамтамасыз етілген отбасыға азық-түлік, 333 отбасыға дәрі-дәрмек және 1 миллионнан астам бетперде мен антисептик таратылған.