Шымкенттік ақ халаттылар Қазақстанның үздігі атанды

0
1 309

Үздік дәрігер атанған маманың жұмыс өтілі 8 жыл, І санаттағы дәрігер.


Шымкенттік ақ халаттылар Қазақстанның үздігі атанды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорыұйымдастырған жалпы тәжірибе дәрігерлерарасында « Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы » номинациясымен шымкенттік дәрігерлер марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Республикалық байқауының жеңімпазы №9 Қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Исабаева Жумагул Асанханқызы атанды. Үздік дәрігер атанған маманыңжұмыс өтілі 8 жыл, І санаттағы дәрігер. Ол жұмыс барысында жақсы көрсеткішерге жетіп, тұрғылықты тұрғындар арасында және ұжымда үлкен беделге ие, білікті маман.

Сондай-ақ дәл осы байқаудың қорытындысы бойынша «Біздің ең үздік отбасылық дәрігері және оның командасы" номинациясы бойынша №8 Шымкент қалалық емханасыныңқызметкерлеріБуланбайқызы Салтанат, медбике Раш Айнур, Кенжебаева Мадина, Төлепбергенова Ұлжалгас, акушер Найманбай Гулдана, психолог Мамирова Севара және әлеуметтік қызметкер Бименова Назгул марапатталды.

Айта кетейік,Қазақстанда мыңдаған отбасылық дәрігер күн сайын күрделі және жауапты жұмысты атқарып келеді. Осындай бір дәрігердің жұмыс жүктемесінде отбасыдағы әже, ата, бауыр, әке, ана сынды1500-ден аса пациент бар.