Астана қаласында ұйымдастырылған байқауда қала мақтаныштарының бағы жанып, жүзден жүйрік атанды.
Шымкенттегі “Оқушылар сарайының” шәкірттері Астана төрінен жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Райхан Мұрзатайқызы жетекшілік ететін «Айгөлек» Ұлттық ансамблі «ITALIAN GRAND FESTIVAL» және “Гүлденген қызғалдақтар ” ІІ Халықаралық өнер байқауы-фестивалінде би жанры бойынша бақтарын сынады.