Коронавирустың алдын алу үшін 1000 дана медициналық маска таратылды.
Шымкенттік еріктілер қала тұрғындарына медициналық маска таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкентте қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының еріктілерінен құралған топ коронавирустың алдын алу үшін 1000 дана медициналық маска таратты.
Жастар қала тұрғындары мен көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлерге, аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға карантин талаптары жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, қоғамдық орындарда маска тағу қауіптің алдын алудың алғы шарты екенін айтты.