Шымкенттік мұғалімнің шәкірттері республикалық байқаулардың жеңімпазы

0
494

Педагогтің оқушысы А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінде «Көркем сөзден» бас жүлдемен марапатталып, жеңімпаз атанған.


Шымкенттік мұғалімнің шәкірттері республикалық байқаулардың жеңімпазы

Шымкенттік мұғалімнің шәкірттері республикалық олимпиадаларда оқ бойы озық шығып, қаланың намысын қорғап жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұстаз деген – ұлы мамандық. Ендеше, ұлағатты ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс, білікті біліммен бірге қажырлы еңбек бірге ұштасу қажет. Мамандықтың төресіне таңдау жасаған Қарашаш Идирисова Шымкенттегі №134 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Тәжірибелі маман 8 жыл бұрын «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталған. Шәкірттерінің жетістігі де жетерлік. Педагогтің оқушысы А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы мұрасы» халықаралық өнер және білім фестивалінде «Көркем сөзден» бас жүлдемен марапатталып, жеңімпаз атанған. «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқауға екі оқушысы қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген. Республикалық олимпиадаға қатысқан шәкірттері оқ бойы озық шығып, қаланың намысын қорғап жүр.
Ұлағатты ұстаз білім беру жүйесін жетілдіру жолында қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қарашаш Сегізбаева өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұлттың ұлы мұрасына сүйеніп, төл әбедиетіміздегі қаймағын сүзіп беруде.