Конкурс жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.
«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Конкурсқа Шымкент қаласынан 4 оқушы қатысты.
Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған.
Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kz, www.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан І орынды, Назарбаев Нұрбақыт ІІ орынды иеленді.
Конкурс жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.