Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады

0
707

Мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықталды.


Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, – деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы жанынан және орман алқабының жырасынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен: екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, “Сайга” тегіс ұңғылы мылтық, “Бенелли” аңшылық мылтығы, “Штурм” полиция қалқаны және дене бронды жилеті, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасы тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-ші және 3-бөліктері “Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.