Шымкенттік полицейлердің ата-анасы марапатталды

0
860

19 әйел «Үздік офицердің анасы» медалімен тағы 5 ер адам «Үздік офицердің әкесі» медалімен марапатталды.


Шымкенттік полицейлердің ата-анасы марапатталды

сурет: Шымкент қаласы ПД жариялаған видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шымкентте 30-ға жуық офицердің ата-анасы медальмен марапатталды.

Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес қызметте ерекше көзге түскен, антына адал офицерлердің ата-анасына алғыс жарияланды.
Сәйкесінше, 19 әйел «Үздік офицердің анасы» медалімен тағы 5 ер адам «Үздік офицердің әкесі» медалімен марапатталды.

Өз кезегінде генерал Думан Әшкенұлы әр ата-анаға ерекше құрмет көрсетіп, қажет болған жағдайда шаңырағына дейін барып, сый-сияпаттарын өз қолымен табыс етті.

- Полиция қызметкерлерінің жұмысы ауыр екенін мен білемін. Менің қызымда сол қатарда қиыншылықты көтеріп, қызметте көзге түсіп, өз еңбегімен бізді осы марапатқа бөлеп отыр. Осыған байланысты департамент басшылығына алғысымды білдіремін. – дейді, әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Лесгүл Адырбаеваның әкесі.