Жануарларды қорғаушылар полицияға арызданды.
Шымкент қаласында қару алып, ауладағы мысықтарды атып өлтірген тұрғын анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы иесіз жануарлар қорының instagram парақшасында жазылды.
"Шымкент қаласы, Гагарин көшесінің тұрғыны мысықтарды өлтіруші. Ол мысықтарға жер бетінде орын жоқ, олар мүлде болмауы керек деп есептейді. Мысықтарды жақсы көрмегендіктен оларды өлтіре беруге болады деп есептесе керек. Көшеге қаруын алып шығып, оларды шетінен өлтіре бастады. Ол адамның үстінен арыздандық. Бірақ нәтиже болар, болмасы белгісіз" - деп жазылған парақшада.
Қазіргі кезде аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары (ҚР Қылмыстық кодексінің 1 бөлім 316 статья) басталды. Күдікті Абай аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.