Шымкенттік тұрғын мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантқа құдалық өткізген

0
762

Олар қаражатты кәсіп бастаймын деп алған.


Шымкенттік тұрғын мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грантқа құдалық өткізген

Шымкенттік кәсіпкер мемлекеттен берілген 1 225 000 теңге грантты кәсібін дамытуға емес, құдалық өткізуге жұмсап жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шымкентте 2021 жылы 23 тұрғын мемлекеттік грантты өзінің жеке басының мәселесін шешу үшін жұмсаған. Олар қаражатты кәсіп бастаймын деп алған. Қайтарымсыз гранттарды өз мұқтаждарына жұмсаған, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер жауапқа тартылып, қаражат қайта қазынаға қайтарылған.
«Мемлекеттен алған ақшаны несие төлеуге, той жасауға жұмсауға болмайды. Берілетін қаржы аз емес – 1 225 000 теңге. Бұл ақша бизнесті дамытуға, басқа адамдарға жұмыс орнын ашуға жұмсалуы тиіс. біз енді жаңа ереже енгізіп отырмыз, тоқсан сайын олардан жұмсаған ақшасының есебін алып отырамыз», - деді Б.Нарбекова.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 8 тамызынан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуғаөтінім қабылдау басталады. Өтінім «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Осы шараға қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.