Шымкенттіктер «ХҚО» мобильдік қосымшасынан 40-қа жуық қызмет түрін ала алады

0
517

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.


Шымкенттіктер «ХҚО» мобильдік қосымшасынан 40-қа жуық қызмет түрін ала алады

Шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді «ХҚО» мобильдік қосымшасынан ала алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері мәлімдеді.

Қала тұрғындары қашықтан, нақты уақыт режимінде жұмыссыздық, жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны алуға өтініш бере алады, АХАТ-тан куәліктердің көшірмесі мен анықтамаларды сұрата алады.
"Сондай-ақ, білім тұралы құжаттардың телнұсқаларын, жоғары сұраныстағы анықтамаларды (соттылықтың болмауы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, зейнетақы аударымдары туралы және т,б.) рәсімдей алады, тіпті тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуден шығарып, ЭЦҚ алып, әлеуметтік төлемдер тағайындау және әлеуметтік көмек тағайындау сияқты т.б танымал 37 қызмет түрін ала алады", - дейді мамандар
Қосымшаның тағы бірнеше функциясы бар. Клиент ХҚО-ға онлайн кезекке тұрып, QR-кодтың көмегімен талон алып және қажетті байланыс ақпараттын таба алады.
Айта кетейік, «ХҚО» мобильдік қосымшасын пайдалану үшін Digital ID немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмір арқылы кіруге болады. Қосымша Play Market және App Store – де қолжетімді.