Шымкенттің әкімі көпбалалы 20 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады

0
1 890


Шымкенттің әкімі көпбалалы 20 анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша нәзік жандыларды алдағы келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, 20 көпбалалы анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Түркістан» сарайында мерекелік концерт өтті.

«Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеуде аналардың алар орны айрықша. Еліміздегі әрбір бесінші сәбидің оңтүстікте өмірге келетінін ескерсек, ақ жаулықты аналарымыздың демографиялық дамуға қосып келе жатқан үлесін мақтанышпен айта аламыз. Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 60 пайызын нәзік жандар құрайды. Ал, қала әкімдігінде қызметкерлердің 42 пайызын әйел азаматтары құрайды», - деді қала басшысы.

Мерекелік кеште Қазақстан эстрада жұлдызы «МұзАРТ» тобының концерттік бағдарламасы мен жергілікті дизайнерлердің сән коллекциясының көрсетілімі өтті.

Айта кетейік, жалпы қаламызда 31 мыңнан астам көп балалы аналар бар. Оның ішінде, 2 220 ана Алтын алқа иегері, 6056 Күміс алқа иегері, 511-і Батыр ана, 700-ден аса 1-ші және 2-ші дәрежелі орденмен марапатталған көпбалалы аналар.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі