Шымкенттің экс-әкімінің орынбасарына сот үкімі шықты

0
369

8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Шымкенттің экс-әкімінің орынбасарына сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары пара беруге оқталу бойынша сот үкімі оқылды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде пара беру) сотқа берілген И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Хабарланғандай. И. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағымен Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің бірінші орынбасары С.-ға істі қысқарту үшін аса ірі мөлшерде 200 мың АҚШ долларынан аса көлемінде пара беруге оқталған.

Мемлекеттік айытпаушы айыпты ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігінен ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігіне қайта саралап, аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу деп өзгертіп, сотталушыға 8 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот М.П.Исаховты аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу бойынша кінәлі деп тауып, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігін, 56-бабының 3-бөлігін қолдана отырып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентіне мемлекеттік награда «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Қорғау тарапы И.-ны әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақтауды сұрады.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.