Түркістан көшесі мен Әйтеке би көшесі аралығы
Шымкентте қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда.
Бұл мегаполистің жол инфрақұрылымын дамытуда іске асырылып жатқан ірі нысандардың бірі. Бүгінде қаланың күретамыры саналатын Қонаев даңғылының бір бөлігі - Түркістан көшесі мен Әйтеке би көшесі аралығы көлік қозғалысына ашылды.