Сингапурлық KinderWorld білім беру тобы "Шымкент ситиден" білім кластерін салмақшы

0
2 023

Жобаның сүйемелдеуімен "Kazakh invest" АҚ айналысады, ал серіктес ретінде жер телімін ұсынатын "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы.


Сингапурлық KinderWorld білім беру тобы

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сингапурдан келген KinderWorld білім беру тобы "Шымкент сити" шағынауданында балабақша, мектеп пен білім метрополисінен тұратын білім беру кластерін салуды жоспарлап отыр - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның сүйемелдеуімен "Kazakh invest" АҚ айналысады, ал серіктес ретінде жер телімін ұсынатын "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. ӘКК басқармасының төрағасы Рашид Аюпов XII-ші Астана экономикалық форумына қатысып, KinderWorld International Group Ltd компаниясының Басқарма Төрағасы Рики Тэнмен кездесіп, жаңа жобаны талқылады. Кластер үшін 25 га жер бөлінеді.

Балабақша 6 айдан 6 жасқа дейінгі 600 балаға есептелген, онда жабық ойын алаңы мен бассейн болады. Бақшада балаларды шет тілдеріне, оқу мен санауға, қоғамтану, музыка, би мен бейнелеу өнеріне үйретеді. Балабақшадан басқа 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған байыту орталығын ашу жоспарлануда, онда балалар ғылыммен, технологиялармен, инженериямен, математикамен, робототехникамен және AR/VR танысады.
Сингапурдың 1500 оқушыға арналған халықаралық мектебінде дәстүрлі пәндерден басқа бағдарламалауға, робототехникаға және 3D баспаға арналған факультативтік сабақтар болады. Сондай-ақ, АҚШ-та және басқа да елдерде оқытатын студенттердің жазғы алмасу бағдарламалары жұмыс істейді.
Білім беру метрополисі - бұл балалар, жастар және қоғам үшін түрлі білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланып отырған оқу кеңістігі. Метрополистің дизайны мен тұжырымдамасы Сингапурдың ұлттық университетінің университеттік қалашығына ұқсас болады. Метрополис университет, жатақхана, ғылыми орталық, медициналық орталық, эксперименттік оқу-ойын орталығы және басқа да қажетті инфрақұрылымдарды қамтиды деп күтілуде.
"Біз бұрыннан-ақ Шымкент қаласында танымал шетелдік мектептер мен университеттердің филиалдарын ашу үшін шетелдік инвесторларды білім беру саласына тартқымыз келетін. Жаңа кластерде, мектепте де, университетте де алынған академиялық білім Кембридждік мектеп білімі туралы Халықаралық жалпы аттестатты қоса алғанда, бағалаудың халықаралық өлшемдеріне сәйкес келетін болады. Біз жер учаскесін анықтадық, жуырда ЖСҚ әзірлеу басталады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі-3 жыл, ал жалпы құны – шамамен 20 млн доллар, бұл сома өсуі мүмкін ", - деді Р. Аюпов.