​«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕГІ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

0
176


​«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕГІ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүкіл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың бойында туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл бағдарламаны көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатыр.

Осы орайда бүгін Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің бойында «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара өтті. Үшінші мегаполистің мақтанышына айналған өзеннің жағалауын тазалауға қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері барлығы 400-ге жуық адам қатысты.
Олар өзен бойындағы күл-қоқыстар мен өзен аңғарындағы қураған ағаш бұталар тазартылып, шөптер орылды.
«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз.
Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», - деген қала тұрғыны Раеев Жүрсін тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Бөлісу