Тәжікстандық дәрігерлер Шымкенттегі медицина ұйымдарында тәжірибе жинақтады

0
266

Тәжікстандық медицина мамандарының қатысуымен өтіп жатқан тәжірибе алмасу жұмыстары дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен денсауылық министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде.


Тәжікстандық дәрігерлер Шымкенттегі медицина ұйымдарында тәжірибе жинақтады

Шымкент қаласына Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау саласының өкілдері арнайы келді. Шет елден келген қонақтар Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйым өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмысымен танысып, адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады.

"Бірінші кезекте қазақ елінің жылы қабылдағаны, қонақжайлылығы және бүгін алған біліміміз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады және Біз Қазақстанға әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікістан Республикасы 2025 жылдан бастап адам папилома вирусына қарсы вакцина салынуды қола алады. Біз қазір дайындық үстіндеміз”, - дейді Файзали Барот, Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры.

Айта кетейік, Тәжікстандық медицина мамандарының қатысуымен өтіп жатқан тәжірибе алмасу жұмыстары дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен денсауылық министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде. Халықаралық деңгейдегі бұл шара 8-қарашаға дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жалғаспақ.

Еске салсақ, Шымкент қаласында адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жалғасуда. Қалада жоспарланған екпе алуы тиіс жасөспірім қыздардың 50% астамы вакцинамен қамтылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Вакцина алғандардың қатырында жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.


Ақпарат үшін:

Адам папилломасы вирусы – бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Вирустың 190-нан астам түрі белгілі, олардың кем дегенде 13-і қатерлі ісіктің дамуына әкеледі.
Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, жасушалардың қатерлі ісігінің қайта шығуының және салдарынан қатерлі ісіктің дамуының қоздырғышына айналады.
Бөлісу