Науқасқа дәрігерлер бүгінге дейін алты рет ота жасапты.
сурет: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ресми парақшасынан
ERNUR.KZ. Шымкент қаласыда ауыр жүк көлігінің астында қалған әйелді дәрігерлер аман алып қалды.
Үш ай бұрын ауыр жарақат алған науқасқа дәрігерлер үш рет тері алмастыру отасын жасаған.
Оқыс жағдай 2023 жылдың қарашасында болған. Ауыр техниканың астында қалған әйелдің сол аяғы мен қолының сүйектері сынып, іш құрылысының біраз бөлігі жаншылып қатты зақымдалған. Ауыр жарақат алған науқасты жансақтау бөліміне жатқызған.
Науқасқа дәрігерлер бүгінге дейін алты рет ота жасапты. Қазір пациенттің өзі Орынбаев атындағы гипербариялық оксегинация орталығында ем қабылдап жатыр. Мұндағы дәрігерлер екі ай ішінде науқасқа үш рет тері алмастыру оперциясын жасады. Нәтижесінде науқастың аяқ қолы қимылға келіп, жағдайы жақсарған.
«Үш кезеңді ота болудың себебі-бір аяғының өзі толық тері жоқ. Сондықтан бір отамен бітпейтін еді, әрі денсаулығына зиян тияр еді. Науқастың оң аяғы мен балтырыдан, тізеден төмен және иық аумағынан алып, аяғына тері отасы жасалды», - дейді Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бөлімше меңгерушісі Мұхит Досыбаев.
Күрделі оталардан кейін науқасқа дәрігерлер қазір оңалту емін жүргізуде. Денсаулық жағдайы қалыпқа келіп жатқан пациентті медицина мамандары алдағы апта үйіне шығармақ.