Қаланың ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың га құрайды.
Шымкентте өткен жылы 17 га қарқынды алма бауы егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес егістікке жарамды 39,5 мың га жердің 2020 жылы 27,9 мың га немесе 70,6% игерілді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 мың га артық (2019 жылы 26,7 мың га. )егіліп, жалпы 59,3 мың тонна өнім жиналды.
Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 11,7 га жылыжайлар («Таза өнім» ШҚ -6 га, «Арман Агро» ШҚ- 3,7 га, «Колесников А.В.» ШҚ-2 га) және 15 га қарқынды алма бау егу жобасы іске асырылды («Д-Сабыр» ЖК).
Айта кетсек, қаланың ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 62,6 мың га құрайды.