Жаңа қаулы: Шымкентте карантин талаптарына өзгеріс енгізілді

0
528

Қалада 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүріп-тұруына да шектеу қойылды.


Жаңа қаулы: Шымкентте карантин талаптарына өзгеріс енгізілді
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Шымкент қаласында карантин режимі және коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын», - делінген жаңа құжатта.

Жаңа қаулыға сәйкес, адамдардың көп жиналуына байланысты кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Оның қатарында туған күн, мерейтойлар, той және басқа да отбасылық мерекелер бар. Дегенмен «Ashyq» жүйесіне қатысатын мекемелер жұмыс істей алады. Әрине, келушілердің мәртебесі «жасыл» болуы қажет.

Сонымен қоса, қалада 65 жастан асқан азаматтардың көшеде жүріп-тұруына да шектеу қойылды. Қаулыда қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықты сақтау, маска тағу және антисептикті қолдану керектігі айтылған.

Одан бөлек, қоғамдық тамақтану орындарында кальян тартуға тыйым салынды. Бұл ретте, «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істейтін бизнес нысандары демалыс күндері түнгі сағат 03:00-ке дейін, ал аталған жүйенің белсенді қатысушылары таңғы сағат 05:00-ке дейін жұмыс істеу құқығына ие.

Сондай-ақ қаулыға сәйкес, «Ashyq» жүйесінде қызметкерлерінің «жасыл» мәртебесі бар кәсіпорындар демалыс күндері де жұмыс істей алады. Алайда, мекемеге келушілердің де «жасыл» статусы болуы тиіс.