Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің карантин шектеулерін жеңілдету туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жаңа қаулыға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындарына мен қонақтары медициналық ұйымдарда, үй карантиніндегі талаптарды сақтау барысында, пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерге және басқа нысандарға барғанда бетперде киюі тиіс.
Сонымен қоса, аялдамаларда және қоғамдық көліктерде адамдарды шоғырландырмау мақсатында қарбалас сәтте желіде көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтіліп, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылуы тиіс.
2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқыту ҚР БМСД №36 және ҚР БМСД №18 қаулыларына сәйкес қамтамасыз етілуі керек.
“Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін”, - делінген құжатта.
ҚР БМСД №14 қаулысына сай, объектілерде «Ashyq» жобасын пайдалану қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.