​ЖАСТАРМЕН ЖҮЙЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

0
225


​ЖАСТАРМЕН ЖҮЙЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы Мирас университетінің жастарымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік құндылықтарын дәріптеу, татулық пен тұрақтылықты ұлықтау.
Жиын барысында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Нұржан Әбдікәрім, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Таңшолпан Мұхтарқызы, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің маманы Мөлдір Алайдар жастарға тұшымды ой тастап, өмірлік маңызы зор мәселелер төңірегінде пікір алмасты.
Спикерлер ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтау жолдарын кеңінен тарқатып, әлеуметтік желіні тиімді пайдалану мәдениеті, деструктивті діни ағымдардың алдын-алу жолдары, сондай-ақ жастардың бойына адамгершілік пен ұлттық құндылықтарға негізделген оң тәрбие сіңіру бағытында мазмұнды әңгіме өрбітті.
Бөлісу