​Жаз дабылдан басталады: гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

0
640


​Жаз дабылдан басталады: гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

Шымкентте жаздың бірінші аптасы гарнизон әскери қызметшілері үшін сынақпен бастау алды.

Барлық бөлімдерде тактикалық-саптық сабақтар ұйымдастырылды. Олар жеке құрамның кенеттен қауіп төнген жағдайда жедел әрекеттерге дайындығын тексерді.

Бөлім бойынша кезекшіге түскен «Дабыл!», бірден ескерту жүйесін енгізуін талап етті. Ол бірнеше секунд ішінде барлық бөлімшелерге дабылды жеткізді.
Барлық әскери қызметшілерге қысқа мерзімде жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, әскери техниканы тез дайындау, оны жауынгерлік машиналар паркінен шығару және роталық колонналар қалыптасатын аймаққа көшіруді қажет етті.
Дабыл бойынша көтерілген жеке құрам, белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есеп бойынша тапсырмаларды орындауға кірісті. Бұл жағдайда, механик-жүргізушілер техникалық тексеруді нақты және үйлесімді жүргізді және тексерілген алгоритмдерді қолдана отырып, техниканы іске қосты, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тиеуді қамтамасыз етті және оны әскери техника паркінен шығарды.
35748 әскери бөлімінің командирі полковник Әмірқожа Айтқожин атап өткендей, бұл сабақтар барысында іс-қимылдардың үйлесімділігі ғана емес, сонымен қатар жауынгерлік дайындықты анықтайтын көптеген факторлар да тексерілді.
- Әскери қызметшілер жұмылдыру және белгіленген жерге қатаң белгіленген уақытта келу қабілеттерін тамаша көрсетті. Биылғы жылы алғаш рет жауынгерлік дабылмен танысқан жас толымның жұмысы бөлек атап өтілді. Әрине, жас сарбаздар қобалжығанымен, олар жарғыға сәйкес сапалы іс-әрекеттерін көрсете білді, - деп атап өтті ол.
Жауынгерлік әзірлікті тексеру бойынша сабақтардан кейін барлық санаттағы әскери қызметшілерде жеке құрамның функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы, оларды пайдалану тәртібін зерделеуді қамтитын мамандық бойынша сабақтар өтетінін атап өткен жөн.


Бөлісу